Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 30 қазан күні №81 «Astana English School» халықаралық мектебінде жалпы білім беру ұйымдарының мектепалды сынып педагогтері арасында «Мектепалды сыныптың үздік педагогі» қалалық байқауы өтті.
Байқау комиссиясының шешімі бойынша келесі жеңімпаздар мен номинанттар анықталды:
І орын – № 110 жалпы орта білім беретін мектептің мектепалды сынып педагогі Сыдыкова Рауан Сапарбекқызы;
ІІ орын – № 106 орта мектептің мектепалды сынып педагогі Егинбаева Зәуре Айдарқызы;
ІІІ орын – № 112 орта мектептің мектепалды сынып педагогі Бейсенова Гульжанат Жанбаевна.
Номинациялар:
1. «Креативті ұстаз» номинациясы – № 110 жалпы орта білім беретін мектептің мектепалды сынып педагогі Байбусинова Айман Абджалеловна;
2. «Ізденімпаз ұстаз» номинациясы – № 100 жалпы орта білім беретін мектептің мектепалды сынып педагогі Усенова Еркеназ Айдарбековна;
3. «Мейрімді жүрек» номинациясы – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейінің мектепалды сынып педагогі Токсанбаева Айнур Бакытжановна.







