«Мектеп жасына дейінгі балаларда қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастыру» тақырыбындағы экперименттік алаң аясында тәжірибелік семинары

2025 жылғы 10 сәуір күні Астана қаласының №58 «Өркен» балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі балаларда қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастыру» тақырыбындағы эксперименттік алаң аясында тәжірибелік семинар өтті. Семинарға 25-тен астам серіктес балабақшалар педагогтерімен ата аналар қатысты.

Іс-шара барысында «Ата-аналармен байланыс технологиясының формалары мен заманауи модельдері және инновациялар» тақырыбында шебер-сынып өткізілді және тәрбиеленушілердің қатысуымен «Көңілді қоңырау» атты оркестр, 3D mapping арқылы «Ақша қайдан келеді?» тақырыбында көрініс қойылды.

Сонымен қатар, балабақшаның педагогтері «Менің алғашқы әмияным» және «Ақша деген не?» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетті және №89 «Қыз Жібек» серіктес балабақшаның тәрбиешісі ата-аналармен «Ұшқыр ой алаңы» атты интеллектуалды ойынын өткізді.

Семинар соңында балабақша педагогтері кері байланыс беріп эксперименттік алаң жұмысының алдағы жоспарын талқылады

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *