«Математика пәнінің заманауи тенденциялары, функционалдық сауаттылықты арттырудың ерекшеліктері»

2024 жылдың  22 ақпан  күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК   «Математика пәнінің заманауи тенденциялары, функционалдық сауаттылықты арттырудың ерекшеліктері» тақырыбында ұйымдастырылған қалалық оқыту семинары  өтті.

Әдістемелік орталық әдіскері Нұртаева Қанымай Өзбекбайқызы «Тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып пәнді оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында ой бөлісті. Сабақ беруде сабақтың мақсатына жүйелі жетіп, оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыруда осы заманауи платформаларың тиімділігі зор екенін жан-жақты баяндады.  №93 мектеп-лицей  математика пәні мұғалімі педагог зерттеуші Хохонай Асылгуль мектебінде қыркүйек айынан бері жүргізіліп отырған  «Matem life» инновациялық жобасымен таныстырды. Жобаның  оқушылардың математикалық білім жүйесін, функционалдық сауаттылығын дамытуда заманауи әдіс — тәсілдерді қолдану арқылы өздігінен білім алу дағдысын қалыптастыруда тиімді екенін айтты. Жобаның жылдық жоспарымен таныстырып, тоқсан сайын атқарылған іс-шараларға қоыртынды жасады. Төрт кезеңнен тұратын бұл жобаның математика пән мұғалімдері мен оқушылар үшін тиімділігі зор екендігін атап өтті. Жармагомбетова Динара Дюсетаевна Quantum STEM School  математика пәні мұғалімі «Статистика 21 ғасыр дағдыларын дамыту құралы» тақырыбында коучинг өткізіп өз тәжірибесімен бөлісті. Кочингте статистика есептерін оқушыларға тиімді, әрі қызықты қып беруге болатын түрлерін сабақта қолданатын тапсырмалар мен ұштастыра отырып көрсетті.  №93 мектеп-лицей  математика пәні мұғалімі Орынбекова Назира Бақытжановна 10 «А» сынып «Туындыны табу ережелері» тақырыбында және Хохонай Асылгуль 8 «А» сыныбында «Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары» тақырыбында және заманауи ашық сабақтарды өте жоғары дәрежеде өткізді. Өз мақсатына жеткен, семинар тақырыбына сай құрылған жүйелі, өте әсерлі сабақ болды. Сабаққа қатысып отырған екі сыныптың да оқушыларының тіл байлықтары өте жақсы, математика тілінде сөйлеуге дағдыланған, ой-өрістері кең, өздерін еркін ұстайтын тәрбиелі шәкірттер екендігі байқалып тұрды. №93 мектеп-лицей  математика пәні мұғалімдері Байбосын Алима Мұсағалиқызы және Мұсайл Гауһар Талғатқызы «Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту» тақырыбындағы өте қызықты коучинг өткізді. Коучинг тақырыбын ашатын тапсырмалар мен  замануи ақпараттық платформаларды  жан-жақты тиімді қолдану әдістері мен жаңа идеяларымен  бөлісті. №93 мектеп-лицей  математика пәні мұғалімдері Бегенова Загипа Болатовна және  Едильбаева Жадыра Рысбековна  «Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы ұлттық құндылықтын маңызы» атты коучинг сабақтары жоғары дәрежеде өткізді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға байланысты құрылған тапсырмалары, киіз үйдің құрылымы, қыз баланың әшекей заттары, астау және құрақ көрпенің геометриялық пішініне байланысты есептер құрастырған. Осы тапсырмаларды семинарға келген ұстаздарға  орындата отырып,  ұлттық құндықтар арқылы оқушының  функционалдық сауаттылығын дамытуға болтындығын дәлелдей түсті.  №26 мектеп-гимназиясының математика пән мұғалімі, математика магистрі Татыханова Асель Сайрановна «Digital Math платформасының оқушыларға пәндік білімді меңгертудегі тиімділігі» тақырыбында атқарылып жатқан жұмыстарының оқушы білімінің артуына пайдасы зор екендігіне тоқталды. №56 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Берикбай Мирахан «Математика сабағында жаңа технологияларды тиімді қолдану» тақырыбында сабақты қызықты өткізуге байланысты көптеген платформа түрлерін ұсынды. Қолдану жолдарын түсіндірді.  Замануи оқушының қызығушылығын,  оқуға құштарлығын дамытуда бұндай әдіс-тәсілдердің тиімділігі ерекше екенін көрсетті.  №93 мектеп-лицей  математика пәні мұғалімі Сарсен Айнұр Маратқызы «Кері байланыс» алудың жаңа әдіс тәсілдерін қолдану жолдарын, түрлерімен таныстырып, тиімділігі туралы айтты.

Семинар соңында қала педагогтері спикерлермен ой бөлісіп, кері байланыс жүргізді. Кері байланыс Падлет тақтасы арқылы жүргізілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *