М. Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясында «Білімім – Отаныма» атты бірыңғай сынып сағаттары өтт

2025 жылғы 23 мамыр күні М. Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясында да «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, білімнің маңызын түсіндіру және жас ұрпақты елінің болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды, жазғы демалысты дұрыс ұйымдастыру.

Сынып сағаттарында білім алушылар тұлғалық даму мен елдің өркендеуіндегі білімнің рөлі туралы ой бөлісті. Сондай-ақ, Отанға қызмет етудің түрлі жолдары, елжандылық пен азаматтық ұстанымның маңызы жайлы мазмұнды пікір алмасып, патриоттық әндер мен өлеңдер, үздік эссе жұмыстары оқылып, үздіктер марапатталды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *