2023 жылғы 16 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» КМҚК және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасымен бірлескен меморандум негізінде «Мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қадамдары» атты қалалық педагогикалық идеялар шеберханасын өткізді.
Мұғалімнің кәсіби өсуі, коммуникативті құзыреттілігін дамыту, жаңа жұмыс түрін іздестіру мақсатында өткен іс-шараны Б.М. Кайыпова, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасы директорының орынбасары кіріспе сөзбен ашты. Д. Амиргалиева, әдістемелік орталықтың әдіскері «Педагогтің кәсіби біліктілігін арттырудағы белсенді оқу әдіс-тәсілдерінің тиімділігі» тақырыбындағы сөйлеген сөзінде сабақтың сапалы өтуі, оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артуы, белсенді оқу әдіс-тәсілдерінің тиімділігі білім сапасының жоғарылауына әкелетініне тоқталды. «Қазақстан тарихын оқытудың заманауи әдістері» тақырыбында шеберлігін Қ.Қ.Рахимжанов А. Құнанбайұлы атыңдағы №87 мектеп-гимназиясы, «Тарихты оқытуда әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» тақырыбында С.М. Дәулет №38 мектеп-лицейі, «Құндылыққа негізделген тарихи таным» Г.С.Жаппарова №35 мектеп-лицейі, «Тарих сабағындағы геймификация» Г.З. Шайхиева № 66 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімдері білім сапасын көтеруде бүгінгі күнде қолданыстағы технологияның тиімділігін көрсетті.
Семинар жұмысын А.Оспанова, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері, Д. Амиргалиева ӘО әдіскері қорытындылады. Әріптестер өз ойларын ортаға салып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында маңызы зор іс-шараға әріптестер кері байланыс берді.