«Lesson Study — ұстаздар шеберханасы» тақырыбында қалалық семинар өтті

Астана  қаласы  әкімдігінің  «Әдістемелік  орталығы» МКҚК мен№70 мектеп-лицейінің  ұйымдастыруымен  2023 жылдың 25 сәуір күні  «Lesson Study — ұстаздар шеберханасы» тақырыбында қалалық семинар өтті.

    Педагог-зерттеуші ретінде өзінің педагогикалық қызметінде қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оны шешуге деген қажеттілік туындайды. Жұмысқа шығармашылықпен қарау, шабыттану-зерттеушіліктің қозғаушы күші болып табылады. Педагогикалық инновацияның дамуына байланысты, педагогикалық эксперимент жүргізе отырып тіпті жас педагогтар да өзінің зерттеушілік қабілетін дәлелдей алады. Сондықтан педагогикалық негізгі міндеттерінің бірі методикалық мәдениет арқылы өзін — өзі дамыту болып табылады. Семинарға өзін-өзі дамытқысы келетін қала мектептерінен 80 педагог қатысты. Іс-шара барысында, бастауыш сынып  білім алушыларының шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырылып білім алушылар өздерінің зерттеу жұмыстарын таныстырды. Семинарда белсенді оқыту әдіс тәсілдерінен шеберлік сабақтар өтті, зерттеу сұрақтарына негізделген, зерттеу сабақтары өтіп ұстаздар өз тәжірибесімен бөлісті, өткізілген зерттеу сабақтарының нәтижелерімен бөлісіп кездескен кедергілер мен ұтымды тұстарынан баяндамалар оқылды. Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың кызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі», – деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалаған. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз бен жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр — білімділер ғасыры. Сондықтан, бізге ой өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *