11 қыркүйек 2024 жылы Астана қаласының жалпы білім беретін мекемелері үшін «Күнделік.kz» компаниясымен бірлесе отырып, «Күнделік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі: цифрлық сауаттылық және кәсіби іс-әрекет негіздері» тақырыбында қалалық онлайн-семинар өткізілді. Семинар барысында жаңа оқу жылында «Күнделік.kz» электронды журналына енгізілген жаңа мүмкіндіктер таныстырылып, мұғалімдердің электронды журналмен жұмыс істеу кезінде туындаған сұрақтарына жауап берілді.