Коллин Маклафлин мен Кейт Эванстың қатысуымен халықаралық SHARE жобасы аясында 1,2,3-SHARE тобының мектеп командаларына арналған семинарлар өткізілді

2023 жылдың 14-15 маусымында Кембридж тәлімгерлері Коллин Маклафлин мен Кейт Эванстың қатысуымен халықаралық SHARE жобасы аясында 1,2,3-SHARE тобының мектеп командаларына арналған семинарлар өткізілді.
2 күн ішінде семинарға №№2, 27, 35, 37, 50, 53, 56, 58, 59, 60, 62, 63, 65, 66, 67, 68, 70, 72, 73, 74, 75, 76,77,87,91 мектептерінен 180-ге жуық зерттеуші-мұғалім қатысты.
Семинар барысында іс-әрекеттегі зерттеулердің мектептегі сапалы іске асырылуына әсер ететін жобаның негізгі ұғымдары қозғалды; мұғалімдер не үшін зерттеу жүргізуі керек, мұғалімнің сыныптағы рөлі қандай, мұғалім үшін оқу процесіне “оқушылардың белсенділігі” нені білдіреді, оқушылардың оқу процесіне толыққанды қатысып, түсініп отырғанын қалай білуге болады.
Сондай-ақ, семинарларда мұғалімдер жұптық және топтық жұмысқа қатысып, пікірлерімен, идеяларымен, ұқсас мәселелерімен және оларды шешу жолдарымен бөлісті, білім алушыларды тарту бойынша өздерінің зерттеу жобаларына қатысты сұрақтар қойды.
Оқыту семинарлары барысында мұғалімдер №91 мектеп-гимназиясының оқушыларды тарту жобасы бойынша зерттеу қалай өткені және оны өткізу барысында қандай қиындықтар кездескені, жетістіктері мен шағын жобаның аяқталуы бойынша қандай қорытындылар жасағаны туралы мектепішілік кейсін тыңдауға мүмкіндік алды (Динара Қасиенова — жобаның желілік үйлестірушісі).
Семинар соңында мұғалімдер келесі қадамдарын жоспарлады, тәлімгерлерден үй тапсырмасын алды, қызықтырған сұрақтарын қойып, кері байланыс берді.
Аудармашыларға-№№74,70,53 мектептердің ағылшын тілі мұғалімдері Сандуғаш Исмаилова, Нұрила Қияқбай, Гүлзат Кусеповаларға аударма жұмысы үшін алғыс айтамыз.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *