Көру қабілеті бұзылған балаларды тифлографика және тактильді әдістері арқылы дамыту» тақырыбында семинар-практикум өтті

         2026 жылғы 29 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес № 23 «Алтын бесік» арнайы  балабақшасында ЕББҚ бар балалармен жұмыс жасайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына арналған «Көру қабілеті бұзылған балаларды тифлографика және тактильді әдістері арқылы дамыту»  тақырыбында семинар-практикум өтті.

Семинар барысында «Тифлографика мен тактильді әдістерін іс-әрекет барысында тиімді қолдану жолдары», «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған сенсорлық ортаны ұйымдастыру», «Көру қабілеті бұзылған балаларды оқытуда жасанды интеллект пен ақпараттық технологияларды пайдалану» тақырыптарында ақпарат беріліп, балаларды дамыту бойынша арнайы педагогтер ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетіп, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

 Семинар қатысушыларымен арнайы мамандар ЕББҚ бар балалармен жасалатын жұмыстың заманауи жаңа инновациялық ойын жаттығуларын, түрлі тәсілдерін пайдалана отырып шебер-сыныптар өткізді.

Семинарға қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 40-қа жуық арнайы мамандары қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *