2023 жылғы 13 маусымда Кембридж тәлімгерлерінің қатысуымен SHARE халықаралық жобасына қатысушы 25 мектептің директорлары мен директорлардың орынбасарлары үшін семинар өткізілді.
Семинар барысында мектептерде жобаны сапалы іске асыруға әсер ететін негізгі қағидаттар туралы сөз қозғалды.
AR зерттеушісі Кейт Эванс мектеп басшыларының назарын жобаны жүзеге асырудағы көшбасшы ретіндегі рөліне аударды. Іс-әрекеттегі тәжірибе бойынша зерттеулер жүргізудің маңыздылығы, SHARE жобасының көшбасшылары жолында кездесетін қиындықтар туралы айтты. Сондай-ақ оқу және оқыту тұжырымдамасын қалыптастыру, маңызды өзгерістер үшін жағдай жасау туралы айтып өтті. Кейт басшыларға мұғалімдердің тәжірибесін жақсарту арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға тек мұғалімдер ғана әсер ете алатынын түсіну қажет екеніне тоқталды.
Семинарда №67 гимназия директоры Гүлжанат Асанқызы 2019-2023 жылдар аралығында тәжірибені зерттеу барысындағы тәжірибесімен, проблемаларымен және жетістіктерімен бөлісті. Астана қаласы бойынша желі үйлестірушісі Сұлтанбек Оразалы өз тәжірибесімен, мектеп миссиясы, мектеп пайымы қалай және неден құрылуы керектігі туралы ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, ата-аналардың, білім алушылардың және бүкіл мектеп ұжымының миссия мен пайымды қалыптастыруға қатысуы қаншалықты маңызды екеніне назар аударды.
Семинар соңында мектеп директорлары өз тәжірибелерімен, мәселелерімен бөлісті, қызықтырған сұрақтарын қойып, кері байланыс берді.