«943 – еліміздегі нысаналы мектептерді дамыту» республикалық жоба аясында, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» Жобалық кеңсенің жұмысы аясында білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Педагогтердің кәсіби күйзелудің алдын алу» тақырыбында семинар-тренингтерін 2024 жылдың тамыз айынан бастап өткізуде. Аталған іс-шара педагогтерге кәсіби қолдау көрсету мақсатында эмоционалды көңіл-күйін күйзелуден сақтандыру және моральдық шаршауының алдын алу үшін жүргізіледі. Жалпы педагогтердің көңіл-күйі мен эмоционалды жағдайы меткептегі қолайлы атмосфераның басты факторларының бірі болып табылады.
Тамыз-желтоқсан айлары арасында аталған тренинг қаламыздың 14 мектебінде өткізіліп, оған 575 педагог қатысқан.
Тренингтің жүргізушісі және авторы орталықтың әдіскері, нейротренер және психофизиолог Сембаева Асем Болатқызы адамның эмоционалды жағдайы оның өзін бақытты сезінуіне тікелей әсер етеді, сонымен қатар бақытты педагог бақытты оқушы тәрбиелейді деген ұстанымда.
Аталған семинар-тренинг жаңа 2025 жылы жалғасуда.