2025 жылғы 20 мамырда №99 орта мектепте «ITLS — интерактивті тапсырмалардың білім беру сервисі» жобасы аясында «ITLS World — болашақ тренажерлері» қалалық байқауы «Logitex» ЖШС әлеуметтік серіктесімен бірлесіп өткізілді.
Байқаудың мақсаты: жасанды интеллект негізінде шығармашылық және заманауи технологиялар арқылы үй тапсырмасын орындауға және оқуға деген қызығушылықты ояту. Байқау білім беру технологиялары саласындағы инновациялық және тиімді шешімдерді іздеуге және қолдауға бағытталған.
Байқау қатысуға өтінімдер Астана қаласының 17 мектебінен (№№ 1, 2, 4, 11, 20, 29, 31, 32, 46, 47, 48, 66, 67, 75, 85, 103, 111) 6-8 сынып оқитын 51 білім алушыдан түсті.
1 – кезеңге-техникалық сараптамаға 12 мектептен (№№ 1, 2, 4, 20, 31, 32, 46, 47, 48, 67, 75, 103) 29 білім алушының 25 жұмысы жіберілді.
2-ші финалдық кезеңге 11 мектептің ( №№ 1, 2, 4, 20, 31, 32, 46, 47, 48, 75, 103) 23 білім алушысының 20 жұмысы өтті
«ITLS World — болашақ тренажерлері» қалалық байқау жеңімпаздары анықталды.
«Logitex» ЖШС әлеуметтік серіктес жоба жетекшісі Антон Николаевич Скрамовский байқау жеңімпаздарын диплом, сертификатпен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
1-орынды информатика пәнінен «Компьютерлік вирустар» тақырыбы бойынша №20 орта мектептің 6-сынып оқушысы Жаныбек Дарина иеленіп, 1-дәрежелі диплом және планшетпен марапатталды.
2-орынды биология пәнінен «Биология жобасы» тақырыбында №31 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Сатхожина Дария және қазақ тілі пәні бойынша «Хогвартс» тақырыбында №47 балабақша-мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Тарелкина Анастасия иеленіп, 2 дәрежелі дипломдармен және смарт-сағаттармен марапатталды.
3 — орынды биология пәні бойынша «Адам қаңқасының құрылысы» тақырыбында №46 балабақша-мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Аренов Тәңірберген және Қазақстан тарихы пәні бойынша «Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін» тақырыбында №32 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Қыдыр Атахан, дүниежүзілік тарих пәні бойынша «Екінші дүниежүзілік соғыс» тақырыбында №47 балабақша-мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушылары Алексеев Ярослав және Роман Калинин иеленіп, 3 дәрежелі дипломдармен және сымсыз құлаққаптармен марапатталды.