2023 жылғы 11 мамырда «INTELLIGENT» сыныбында еуропалық білім беру жүйесінің стандарттарын зерделеу және енгізу» тақырыбында эксперименттік алаңның қызметін аяқтау мақсатында Б. Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінде қалалық семинар өтті.
Семинар жұмысына 50-ден астам педагогтер, директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасарлары және ата-аналар қатысты.
1-ші және 3-ші сыныптардың эксперименттік топтарының оқушылары шахмат, вокал, би, домбыра, этикет, 3 тілдегі театр, ұлттық тағлым және т. б. үйірмелерге қатысады.
Семинар барысында мектеп эксперименттік қызметтің 3 жылғы жұмысымен және оның кезеңдерімен таныстырды, сондай-ақ қатысушылар «Сөйлеуді дамыту» (зерттеу сабағы), «Шебер қаламдар» бағдарламасы аясында «Менің үйім» тақырыптары бойынша бастауыш сыныптағы сабақтарға қатысты.
Сондай-ақ, семинарға қатысушыларға білім алушылардың ғылыми жобалары мен қолөнерінің көрмесі ұсынылды.
Семинар аясында оқушылар «Ұлттық тағлым» аясында өз шеберліктері мен дағдыларын көрсетті, онда 1-ші сыныптың 30 оқушысы күй ойнады, 1-ші және 3-ші сынып оқушылары шығармашылық концерт қойды.
Семинар соңында, қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді.