2025 жылғы 30 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жұмыс жоспарына сәйкес №96 мектеп-гимназиясында ерекше мәдени іс-шара – «Спанч Боб» инклюзивті театр қойылымының премьерасы өтті. Қойылымның негізгі мақсаты – әрбір бала өз дарындылығын аша алатын, біртұтас шығармашылық ұжымның бір бөлігі ретінде сезінетін және инклюзивті ортаның дамуына үлес қоса алатын теңдік пен сыйластық атмосферасын құру.
Театрлық қойылым ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтік интеграциясы және шығармашылық әлеуетін ашу үшін жағдай жасауға, сондай-ақ мектеп ұжымындағы инклюзивті мәдениет деңгейін көтеруге бағытталған.
Спектакльге 20 оқушы қатысты, оның ішінде 5 ерекше білім беруді қажет ететін балалар. Қойылым барысында балалар тек актерлік шеберлікті ғана емес, достық, өзара қолдау және түсіністік сияқты маңызды адами құндылықтарды көрсете білді.
Іс-шара барлық қатысушылар мен көрермендер үшін құнды тәжірибе болып, мектеп қауымдастығы арасында өзара түсіністік пен қолдауды нығайтты. Келешекте үйлесімді және толерантты қоғамды қалыптастыруға ықпал ететін инклюзивті бастамалар мен мәдени шараларды дамытуды жалғастыру жоспарлануда.