2025 жылғы 31 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес, «№1 оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп ұйымдастырылған, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы педагогтеріне арналған «Инклюзивті білім беру және оңалту: мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдаудағы заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шара «№1 Оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚ) балаларды қолдаудың заманауи түзету-дамыту технологияларын және әдістерін енгізу тәжірибесімен бөлісу болды.
Семинар барысында Астана қаласының №1 оңалту орталығының, №4 және №8 ПМПК, №4 ППТК мамандары іс-тәжірибиесімен бөлісті.








