2024 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің №89 «Қыз Жібек» балабақшасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен арнайы мамандарына арналған «Инклюзивті білім беру жағдайында балабақша педагогтерінің өзара байланысы» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Семинар барысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған түзету жұмыстарының сенсорлы интрегация элементтерін қолдана отырып балаларды дамыту бойынша арнайы педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар қатысушыларымен Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың танымдық іс әрекетін заманауи жаңа инновациялық ойын жаттығулар арқылы дамыту жолында түрлі тәсілдерін пайдалана отырып шебер-сыныптар өткізілді. Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныстар мен пікірлер айтылып, ойларын ортаға салды.