«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: БІРЛЕСКЕН ТӘЖІРИБЕ, АШЫҚ КӨЗҚАРАС, ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» республикалық практикалық конференциясы

Инклюзивті білім берудің сапасын арттыру және тәжірибесін кеңейту, сондай-ақ педагогтердің озық тәжірибесін тарату мақсатында 2025 жылғы     27 қараша күні Астана қаласының Әдістемелік орталығы №32 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып «ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: БІРЛЕСКЕН ТӘЖІРИБЕ, АШЫҚ КӨЗҚАРАС, ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» тақырыбында республикалық практикалық конференция өткізді.

Конференцияда жалпы орта білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді тиімді ұйымдастыру тәжірибесін тарату, басқару және психологиялық-педагогикалық қолдау саласындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ әрбір маманның рөлін анықтау және білім беру процесінде өзара түсіністік пен серіктестікті дамыту аспектілері талқыланды.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-ның, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Білім басқармасының мамандары, білім беру ұйымдарының басшылары, арнайы педагогтер және инклюзивті білім беру саласында жұмыс істейтін өңірлерден келген педагогтер қатысты. 

Конференция барлық оқушылар үшін тең мүмкіндіктерді дамытуға ықпал ететін инклюзивті білім беру саласындағы мамандардың тәжірибелері мен идеяларымен алмасудың маңызды алаңына айналды.

Конференцияның практикалық бөлімі 28 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің №2 арнайы мектебінде жалғасын табады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *