2025 жылдың 28 ақпанында ТжКББ бөлімінің әдіскерлері Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің базасында колледж оқытушылары үшін «Функционалдық сауаттылықты дамытудың құзыреттілік тәсілдері» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинар мақсаты: білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жағдайында оқытушының кәсіби шеберлігін арттыру.
Семинар барысында «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Алданыш Акерке функционалды сауаттылық тапсырмаларының ерекшелігі туралы айтып өтті.
Тәжірибелік кейс бөлімінде Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің, Басқару колледжінің, «Томирис» медициналық колледжінің оқытушылары өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Кейс барысында ТжКББ жүйесіндегі жалпы білім беретін пәндердің кәсіптік модульдерді оқытуда маңыздылығы айқындалды.
Тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы семинарға қатысушы педагогтер функционалдық сауаттылықты дамытуға көмектесетін әдістемелер және стратегиялармен танысты.
Педагогтер студенттердің функционалдық сауаттылығын дамытуға көмектесетін әдістемелік дағдыларды игерді.
Семинар жұмысына 60-тан астам педагог қатысты.