2025 жылы 4 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейі» базасында «Функционалдық сауаттылық – физиканы табысты оқытудың негізі» тақырыбында физика пәні мұғалімдеріне қалалық семинар өткізілді. Қалалық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, білікті ұстаздармыз өз тәжірибелерін таратуға үлкен мүмкіндік алды. Тәжірибелерін таратып әріптестердің білім қоржындарын толтырған №53 МЛ Ауғанбай Серік Дүйсенбекұлы, Агибаева Райхан Умиртаевна, Кусаинов Рашид Гибатович, Бакаев Азамат Батырбекұлы, Тулебаева Кокеш Нагашыбаевна, «Білім-Инновация» лицей-интернатынан Имаков Нурбек Нурланович, №74 МГ Темирова Анархал Джумабековна, Жексенғалиева Гүлсім Жауарбекқызы, №83 МГ Абишева Сандугаш Каменовна, №51 МГ Рахимова Жулдыз Тулендыевна, №60 МЛ Абдраманова Нургуль Рахимжановна, №73 МЛ Мархамед Бекболат сынды ұстаздарымыз функционалдық сауаттылықты өмірмен ұштастыра отырып, тиімді әдіс-тәсілдерді практикалық тұрғыда қалай қолдануға болатындығын көрсету арқылы, сабақ тиімділігін арттыруға көмектесетін тұстарын атап өтті. Семинар соңында ұстаздардан кері байланыс алынып, тағылымы мол тәжірибе алмасу болғандығын көре алдық.
Функционалдық сауаттылық – физиканы табысты оқытудың негізі
