«Фортепиано педагогикасы мен орындаудың өзекті мәселелері» қалалық семинар-практикум өтті

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 18 сәуір күні Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебінде «Фортепиано педагогикасы мен орындаудың өзекті мәселелері» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.

Семинардың мақсаты — фортепианода ойнауды үйретудің қазіргі заманғы тәсілдерін анықтау, орындау дағдыларын дамыту және оқыту тиімділігін арттыру мақсатында фортепиано педагогикасы мен орындаушылықтың өзекті мәселелерін зерттеу.

Семинарға қаланың музыка, өнер мектептерінің педагогтері, концертмейстерлер, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушылары қатысты.

Семинар аясында фортепиано педагогикасы мен орындау өнерінің өзекті мәселелері, музыкалық білім беру мазмұнының жаңаруы, оқытудың заманауи әдістемелерін енгізу, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, репертуар таңдау және техникалық дағдыларды жетілдіру бойынша педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара соңында Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушылары қаланық қосымша білім беру ұйымдарымен жүргізілетін сабақтастық жұмысқа алғыс білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *