«Физика мен информатиканы интеграциялауда жасанды интеллектті қолдану: қалалық оқыту семинары»

2026 жылғы 4 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен Астана қаласы әкімдігінің «№79 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК ұйымдастыруымен «Жасанды интеллектті пайдалана отырып, білім беру үдерісінде физика мен информатиканы интеграциялау: заманауи технологиялар және практикалық-бағдарланған тәсілдер» тақырыбында қалалық оқыту семинары өтті.

Іс-шараның мақсаты – физика мен информатика пәндерін интеграциялау мүмкіндіктерін зерделеу, жасанды интеллект пен заманауи цифрлық технологияларды оқу үдерісіне енгізу арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, білім алушыларда пәнаралық, сыни және алгоритмдік ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тиімді тәжірибелерді тарату болды.

Семинарға білім беру ұйымдарының физика және информатика пәндері мұғалімдері қатысты. Іс-шара workshop форматында өткізіліп, қатысушылардың практикалық дағдыларын дамытуға басымдық берілді.

Бағдарлама аясында физика және информатика сабақтарында жасанды интеллектті қолданудың практикаға бағытталған интеграциялық тәсілдері, Tester.kz платформасы арқылы оқытуды дифференциациялау, физика пәнін оқытуда ЖИ мүмкіндіктерін пайдалану, Google сервистерін білім беру үдерісіне енгізу, сондай-ақ Python тілін қолдану арқылы физикалық процестерді модельдеу бойынша тәжірибелік шебер-сыныптар ұйымдастырылды.

Практикалық бөлімде қатысушыларға арналған «жұмыс шеберханалары» өткізіліп, жасанды интеллекті бар ұлттық білім беру платформаларымен жұмыс істеу, цифрлық білім беру ресурстарын сабақта тиімді қолдану, пәнаралық интеграция негізінде оқу тапсырмаларын әзірлеу тәжірибелері ұсынылды.

Қалалық оқыту семинары педагогтердің цифрлық және әдістемелік әлеуетін арттыруға, практикалық-бағдарланған оқытуды дамытуға және білім беру үдерісінде жасанды интеллектті тиімді қолдануға бағытталған маңызды әдістемелік алаңға айналды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *