«ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ» қалалық оқыту вебинар

2025 жылдың 26 ақпан күні «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Жанар Сейтахмет қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық іс-әрекеттерін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасу мақсатында «Ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық іс-әрекетін дамыту» қалалық оқыту вебинарын өткізді.

ӘО «Арнайы және инклюзивті білім беру» бөлімінің әдіскері Марат Маншүк, психолог-логопед, INDIGO гумандық педагогика және логопедия орталығының негізін қалаушы Нуриддинова Бақытгүл Насирдинқызы вебинардың теориялық кезеңінде «ЕББҚ бар балаларға арналған білім беру бағдарламалары: бейімделген және жеке бағдарламаларды жасау алгоритмі», «Инклюзивты білім беруді қажет ететін балаларға арналған психология және нейропсихология негіздері», «Ерекше оқытуды қажет ететін балалардың арнайы білім беру мазмұны» тақырыптары бойынша инклюзивті білім беруді дамытуға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тиімді қолдау көрсету, педагогтар мен мамандар әр баланың жеке мүмкіндіктерін ескеріп, жеке және бейімделген бағдарламаларды құру, психологиялық және нейропсихологиялық қолдауды енгізу, арнайы білім беру мазмұнын әзірлеу арқылы білім сапасын арттыру мәселелерін сөз етті.

Баймуратова Бану Адимжановна, Ондыбаева Айжарқын Кузенбаевна, Букенова Гаухар Асканбековна, Калиева Акжанай Еркинбаевна, Ержигитова Анар Сабыровна,

Джуманова Гулжаухар, Мақаш Ләззат Серікқызы, Жусупбекова Акнур Малайдаровналар вебинардың теориялық бөлімінде ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізудегі өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *