«Ерекше білім беруді қажет ететін баланың шығармашылық қабілетін дамытудағы педагог шеберлігі» тақырыбында қалалық форум өтті

2025 жылғы 17 сәуірде Әдістемелік орталықтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес №43 қосымша білім беру мектеп-орталығында «Ерекше білім беруді қажет ететін баланың шығармашылық қабілетін дамытудағы педагог шеберлігі» тақырыбында қалалық форум өтті.

Форумның панельдік талқылау бөлімінде мектепте инклюзивті білім беруде қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу қиындықтары бар балалардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту мәселелері талқыланса, тәжірибелік бөлімде мұғалімдер ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және ауытқуларды түзету бойынша шеберлік сабақтарын көрсетті, сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ іс-шара барысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуда жекелеген тәсілдерді тиімді қолдану, инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру, оқытудың инновациялық технологияларын енгізу сияқты өзекті мәселелер қарастырылды.

Форум аясында мектеп ауласында «Тіршілік ағашы» ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылып, ЕБҚ бар оқушылардың шығармашылығынан «Шексіз өнер» сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шара соңында Астана қаласы әкімдігінің «№2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мен мектеп арасында екіжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *