2023 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес №64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасы педагогтерінің іс-тәжірибелерін тарату мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін түзету- дамыту жұмыстарының заманауи әдіс-тәсілдері» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.
Семинарда ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер көрсетіле отырып, ашық іс-әрекеттер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, семинар қатысушыларын қатыстыра отырып балабақшаның педагог-дефектологі дидактикалық ойындардың бала тілін дамытудағы тиімділігін көрсету мақсатында шебер-сынып өткізді. Семинар сонында, ұсыныстар мен пікірлер айтылып, кері байланыс жасалды.