Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен оқу процесінде ойын әдістерін қолдану

  2023 жылғы 03 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің №1 Арнайы мектеп-интернатында  «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен оқу процесінде ойын әдістерін қолдану» тақырыбында қалалық семинар өтті.

 Семинар барысында педагогтер  «STEM – зертханада» шеберлік сыныбын көрсетті, әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, ойын әрекеттерін қолданатын сабақтар мен тәрбие сағаттарын көрсетті.

   Семинар соңында қатысушылар сұрақтар қойып, сабақтар мен іс-шаралардан  алған  әсерлерімен бөлісті.

   Семинарға жалпы білім беретін мектептердің  пән мұғалімдері, арнайы мамандары және педагог-ассистенттері  қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *