2025 жылғы 13 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің №22 «Әлем» балабақшасында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына арналған «Сөйлеу қабілетінің ауыр бұзылыстары бар балалардың әр түрлі іс-әрекеттері арқылы сенсомоторлық дағдыларды дамыту» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Семинар барысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған түзету жұмыстарының ерекшеліктері, «Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балалардың сенсомоторлық дамуының ерекшеліктері», «Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балалардың сөйлеу және әлеуметтік өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру» тақырыптарында ақпарат беріліп, балаларды дамыту бойынша арнайы педагогтер ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетіп, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар қатысушыларымен арнайы мамандар сөйлеу қабілетінің ауыр бұзылыстары бар балалармен жасалатын жұмыстың заманауи жаңа инновациялық ойын жаттығуларын, түрлі тәсілдерін пайдалана отырып шебер-сыныптар өткізді.
Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныстар мен пікірлер айтылып, ойларын ортаға салды.