Дәл осындай тақырыппен жақында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес жас мамандар арасында «Жас қалам» байқауын ұйымдастырды.
Жас мамандар «Еңбек ер атандырады» тақырыбында ой толғап, жыр сайысында өзара бақ сынады. Сексенге жуық үміткерлердің шығармалары сарапқа салынды. Шығармаларда адал еңбектің қадірі мен қасиеті, өз ісін жетік білетін еңбек адамының мемлекетіміздің тірегі екендігі жөнінде тың пікірлер айтылды.
Ең бастысы жас мамандар осы байқау арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттерін, іс-тәжірибелерін көпшілікпен бөлісіп, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінді.
Сонымен қатар өз мамандықтарының сыры мен маңызына жете мән берді.
Қазылар алқасы шығармалардың тақырыпты аша білуіне, тіл тазалығы, көркемдігі, сөздік қоры, бірегейлік жалпы әсері, мазмұн сәйкестігі сияқты талаптар бойынша өз шешімдерін шығарды.
Қазылар шешімі бойынша:
І орын – Қорғанбай Назерке, Б.Сырттанұлы атындағы №34 ЖОББМ;
ІІ орын – Ибраймова Тоқжан Бақытханқызы, С. Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейі;
ІІ орын – Орынбаева Нұрсұлу Нұрланқызы, Ш. Айманов атындағы №20 ЖОББМ;
ІІ орын – Боранбаева Сандуғаш Шакенқызы, №59 «Аққанат» балабақшасы;
ІІІ орын – Шералиев Сержан, Ш. Мұртаза атындағы №63 Мектеп-гимназия;
ІІІ орын – Даумиш Гүлнәзік, №69 «Еркем-ай» балабақшасы;
ІІІ орын – Мурат Ақбөпе, №31 Мектеп-гимназия;
ІІІ орын – Жиенбекова Аружан, М. Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясы жүлдегерлер деп танылды. Барлық қатысушыларға өз шығармашылықтарын дамытып, іс-тәжірибесін таратқаны үшін арнайы Сертификаттар берілді.








