2023 жылғы 14 тамыз күні Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «ELORDALYQ BILIM» апталығы аясында «БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ФОРМУЛАСЫ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР: ТҰЛҒА, ОТБАСЫ, ҰСТАЗ» тақырыбында панельдік сессиясы өтті.
Панельдік сессия жұмысы барысында мектеп пен ата-ана арасында тиімді ынтымақтастық құру, жаңа буынды тәрбиелеудегі өзекті сұрақтар, бақытты баланы тәрбиелеу жолдары туралы мәселелер талқыланды.
Аталған шараны Астана қаласы білім басқармасының басшының орынбасары Маржан Жамбылқызы құттықтау сөз сөйлеп ашып, білім беру саласының маңыздылығына тоқталып, қатыстушыларға табыс тіледі. Панельдік сессия жұмысына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, әлеуметтік серіктестер, түрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарының басшылары, басшының орынбасарлары, педагогтер, БАҚ және шақырылған қонақтар қатысады. 450-ден астам адам қатысты.
4 секциялық алаңда: «Өзгермелі әлемдегі бақытты балалық шақ»; «Балалардың тұлғалық және цифрлық қауіпсіздігі: ата-аналар мен педагогтердің рөлі»; «Балалардың салауаттылығы: психологиялық қауіпсіздігі мен эмоционалдық дамуына ықпал ететін факторлар»; «Қосымша білім беру ұйымдары арқылы баланың тұлғалық және әлеуметтік дағдыларын дамыту» бойынша тәжірибе алмасты.
Секциялық алаңдар жұмысы барысында балаларды тәрбиелеу, мектепке дейінгі оқыту және тәрбие, инклюзивті білім беру, көркемдік-эстетикалық дамыту бойынша педагогтердің оң жұмыс тәжірибесі таратылып, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, білім беруді жаңғырту жағдайында баланың жеке басын әлеуметтендіру және т.б. мәселелер қаралды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында барлық деңгейдегі педагогтерге арналған «Кітап – сенің досың» атты кітап көрмесі және «BOOKCROSSING» бұрышы ұйымдастырылып, көрмеде білім алушыларға арналған түрлі-түсті танымдық кітаптар, түрлі көркем әдебиеттер ұсынылды. Көрмеге «Алматы кітап», «Астана кітап», «Отбасылық хрестоматия», «Мазмұндама», «Edu stream» баспалары, «Bilim land», қазақстандық бренд «Бикош» дамыту ойыншықтары таныстырылды.