2024 жылғы 17 сәуір күні №46 балабақша-мектеп-гимназиясында «Эксперименттік алаңдардың қызметі» аясында Республикалық практикалық
семинар өтті.
Семинарға 100-ден астам елорданың балабақша әдіскерлерімен тәрбиешілері, педагогтері және Қостанай облысының педагогтері қатысты.
Іс-шара барысында балабақша тәрбиешілері мен педаготері эксперименттік алаңдардың шеңберінде білім беру кеңістігін құру бойынша сабақтар, шебер-сыныптар арқылы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, тілдік құзыреттілікті арттыруға бағытталған дебаттық турнирді неміс тілі пәндері педагогтері өткізді.
Семинар соңында, кешеннің педагогтері мен психологы іс-шара бойынша рефлексияны тренинг түрінде өткізді, қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, ұсыныстары мен кері байланыстарын берді.