«ДӘСТҮРЛІ ӘН МЕН КҮЙ – МӘДЕНИ МҰРА» ҚАЛАЛЫҚ ШЕБЕР-СЫНЫБЫ

2021 жылғы 4 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының МКҚК Білім беруді жаңғырту орталығы және №1 Өнер мектебінің МКҚК ұйымдастыруымен №66 мектеп-лицейінде «Дәстүрлі ән мен күй — мәдени мұра» тақырыбында қосымша білім беру қазақ ұлттық аспаптары мен дәстүрлі ән бағытындағы педагогтерге қалалық шебер — сыныптары өткізілді.

Мақсаты: білім мен дағдыларды бекіту, теориялық-практикалық, педагогикалық серіктестігін нығайту аясында тәжірибе алмасу, шеберлікті көрсету.

Іс-шара барысында Бекетаева Гүлдана Ескеновна, Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының бөлім басшысы сөз алды, №1 Өнер мектебінің директоры Сәбиев Фархад Қабденұлы жалпы мектеп қызметі жайында атап өтті. Шебер — сыныптар барысында кәсіби шығармашылықта білімі мен практиканы ұштастыра білуді үйрену мен асыру бойынша кері байланыстың түрлері мен әдістерімен таныстыру мақсатында тәжірибелерімен бөлісті.

Тақырыптар:

· «Қазақтың ұлттық өнері-ұлттың рухы»

Кожебаев Дархан Ержанович, №1 Өнер мектебінің «Қазақ ұлттық аспаптары» бөлімінің жетекшісі, «Домбыра» сыныбының педагогі;

· «Домбыра мен фортепианоға арналған шығармамен жұмыс жасау ерекшелігі»

Серикбаева Назипа Полатовна, №1 Өнер мектебінің «Домбыра» сыныбының қосымша білім беру педагогі;

· «Домбыра сыныбында шығармашылық бастаманы тәрбиелеу»

Тапенов Даулет Турсунханович, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Домбыра» кафедрасының оқытушысы;

· «Қазақ халқының дәстүрлі ән өнері»

Нуркенов Тельман Тилегенович, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Дәстүрлі ән» кафедрасының аға оқытушысы, өнертану магистрі;

· «Домбыра үйретудің педагогикадағы әдістері»

Тапалов Нұрбек Болатұлы, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Домбыра» кафедрасының аға оқытушысы, республикалық байқаулардың лауреаты, күйшілер одағының мүшесі;

· «Дәстүрлі әндерді нақыштап орындау»

Сембаев Толганбай Токтаганович, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Дәстүрлі ән» кафедрасының аға оқытушысы.

Іс-шара барысында қатысушылар шеберлерге сұрақтар қойып, оларды қызықтырған тақырыптарды талқылап, соңында қорытынды жасады.

Ұйымдастырылған шебер-сынып жұмысына қосымша білім беру педагогтері мен жалпы білім беретін мектептердегі музыка мұғалімдері қатысты.

Соңында шебер-сынып өткізген спикилерге сертификат пен алғыс хат табысталынып, алғыс білдірілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *