Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2025 жылғы 9 сәуірде білім беру ұйымдарының кітапханашылары үшін «Цифрлық сауаттылық және кітапханадағы ақпараттық технологиялар» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты – кітапханашылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, заманауи ақпараттық технологияларды тиімді қолдану тәсілдерімен таныстыру және кітапхана қызметін жаңғырту жолдарын қарастыру.
Іс-шара барысында қатысушыларға электронды ресурстармен жұмыс жасау, цифрлық платформаларды қолдану, деректер қорын ұйымдастыру, ақпараттық қауіпсіздік негіздері және заманауи кітапхана жұмысындағы цифрлық трансформация бағыттары бойынша тәжірибелік және теориялық мәліметтер ұсынылды. Семинар өзара тәжірибе алмасу, кәсіби біліктілікті арттыру және жаңа технологиялық құралдарды енгізу бойынша тиімді алаңға айналды.