«Цифрландыру жағдайында оқушылардың қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында қалалық мини-тренинг

28.11.2024 ж. Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы мен El Umiti Корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Цифрландыру жағдайында оқушылардың қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында қалалық мини-тренинг өтті.

Мини-тренингтің негізгі мақсаты – цифрлық технологиялар қарқынды дамыған заманда оқушылардың онлайн және офлайн ортадағы қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру, олардың киберқауіптерге қарсы тұру қабілетін арттыру, жеке деректерін қорғау мәдениетін дамыту, сондай-ақ ата-аналар мен педагогтерге оқушылардың қауіпсіздік дағдыларын жетілдіру жолдарын көрсету.

Қазіргі цифрландыру дәуірінде оқушылардың интернет пен заманауи технологияларды пайдалануы күн санап артып келеді. Бұл жағдай жаңа мүмкіндіктермен қатар, түрлі қауіп-қатерлерді, оның ішінде кибербуллинг, фишинг, зиянды контент және жеке мәліметтердің ұрлану қаупін де туындатады. Сондықтан оқушыларды ақпараттық қауіпсіздік негіздеріне үйрету, олардың сандық сауаттылығын арттыру және киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру қоғам мен білім беру жүйесі үшін аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Тренинг барысында оқушылардың қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру әдістемелері, практикалық құралдар мен тиімді тәжірибелер талқыланды. Іс-шараға 50-ге жуық білім беру ұйымдарының басшылары, мұғалімдер және басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *