2025 жылдың 28 мамыр күні Астана қаласының Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес химия және биология пәндері педагогтеріне арналған «Болашақтың білімі жасанды интеллект және нейрожелілерді сабақта қолдану» тақырыбындағы химия және биология пәндері педагогтеріне арналған қалалық оқыту семинары өтті.
Мақсаты: Педагогтерге жасанды интеллект (жи) пен нейрожелілердің білім беру саласындағы мүмкіндіктерін таныстыра отырып, оларды сабақ үдерісінде тиімді қолдану жолдарын көрсету, заманауи цифрлық құралдарды тәжірибеде пайдалану дағдыларын қалыптастыру
Семинарға 100 жуық педагог қатысты. Аталған іс-шара барысында жасанды интеллектің (АI) және нейрожелілердің заманауи мүмкіндіктерін оқу процесінде қолданудың сабақ әзірлеуде, білім сапасын бағалауда, білім алушылардың шығармашылық әлеуетін арттырудағы тиімділігіне басымдылық берілді.
Іс-шараға қатысушылар семинардан алған білімдерін өз тәжірибелерінде қолданатындарын айтты.