Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 13 наурыз күні Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: ұлттық жаңа сананы құндылықтар негізінде қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты — қазіргі заманғы тәрбие жүйесінде ұлттық құндылықтарды сақтай отырып жаңа ұрпақ санасына сіңірудің тиімді әдістерімен бөлісу.
Семинарға директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері қатысты.
Семинар жұмысы аясында 3 секция жұмысы ұйымдастырылды: «Құндылықтарды пәнге кіріктіру», «Ұлттық құндылықтар — тәрбиенің түп қазығы» сынып сағаттары, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмысы.
Семинарды Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы директорының м.а. А.М. Ахметкалиева ашып, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Д. Сагынбаева мен Б. Батырхан «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жүзеге асырылуын таныстырды.
1-секция жұмысы аясында Н. Аралбай, Е. Есмурзина, Р. Сулайманова, А. Надирова, Г. Нурахметова құндылықтарды пәнге кіріктіру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
2-секция жұмысы аясында Н. Акжанова, Н. Нарбаева, Т. Айтбаева, Г. Батырбек, Т. Жақсылық сынып сағаттарын көрсетті.
3-секция жұмысы барысында «Аналар» мектебі, «Әжелер мектебі», «Әкелер» мектебінің жұмыстары таныстырылды.
Семинар соңында қатысушылар педагогтердің іс-тәжірибесіне кері байланыс беріп, рефлекция жүргізілді.