2025 жылғы 7 ақпан күні №63 «Әсем-Ай» балабақшасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке, үлкенді құрметтеуге ата-анамен бірлесе отырып тәрбиелеу арқылы, жас ұрпақтың рухани дамуын қалыптастыру және серіктес балабақшалар арасында бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында қалалық семинар өтті.
Іс-шара барысында педагогтер ұлттық құндылықтарымыздың маңыздылығы туралы сөз қозғап, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тілін, өнерін балабақша тәрбиесінде қолдану жолдары туралы тәжірибелерін ортаға салды. Семинарда ұлттық ойындар, дәстүрлі өнер түрлері мен рухани құндылықтар балалардың тәрбиесінде қалай қолданылатыны туралы практикалық сабақтар өткізілді.
Сонымен қатар, семинарға қатысушылар ұлттық құндылықтарды балабақшада тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдері мен құралдары туралы пікір алмасып, балалардың бойында ұлттық сана мен патриотизмді қалыптастырудың маңызды екенін атап өтті.
Іс-шараға Астана қаласының Нұра ауданының педагогтері, ата-аналар, балалар мен серіктес балабақшалар қатысты.