Cәуір айының 13-ші жұлдызында Астана қаласы Қадыр Мырза Әлі атындағы «BINOM SCHOOL» мектеп-лицейінде биология пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ, ӨТКІЗУ және БАҒАЛАУ» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты: Биология пәні мұғалімдерінің зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру, өткізу және бағалауына бағыт-бағдар беру.
Семинардың теориялық бөлімінде Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Ш.Е.Қалиханова аталған тақырып бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізсе, биология пәнінің мұғалімі Д. К. Байтаева «Көңілі көтеріңкі ұстаздың жұмысы да жемісті» деген тақырыппен жағымды психологиялық ахуал тудыру мақсатында келген қонақтармен тренинг өткізді.
Одан әрі қонақтар «Инновациялық технологиялар – сапалы болашақ кепілі» тақырыбында ұйымдастырылған көрмеде мектебіміздің биология кабинеттерінің заманауи тәжірибелік жабдықтарымен танысып, оқушылардың сандық құрылғыларды қолданып, түрлі тақырыптарда жасаған тәжірибелік жұмыстарын тамашалады.
Практикалық бөлімде биология пәнінің мұғалімі Ш.М. Мукушева семинар қатысушыларымен «Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттар» тақырыбында зертханалық жұмыс жүргізіп, тәжірибесімен бөлісті.
Аталған іс-шараны Астана қаласы Әдістемелік орталықтың химия, биология пәндерінің әдіскері Ш.Х.Шакирова қорытындылады. Семинар қатысушылардың көңілінен шықты.