2025 жылдың 5 наурыз күні Әдістемелік орталық жоспарына сай Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында орталық әдіскері Жанар Сейтахмет «Шеберден тәлім» жобасы аясында «Білімді бақылау: бағалаудың әдістері мен формалары» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинарын ұйымдастырды.
Семинарда тәжірибелі шебер-педагог, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Адрашева Қызғалдақ Орынтаевна, Кожахметова Гульсим Утемисовна, Карамурзина Маржан Жолаубаевна тренинг, ашық сабақ өткізіп, қатысушыларға өз тәжірибелерін бөлісті.
Шебер педагогтер бағалауды сабақта тиімді үйлестірудің жолдарын, стратегиялары мен әдіс- тәсілдерін, идеялық мазмұны мен маңызын тренинг барысында қосымша теориялық жағын қарастыра келе, оны қалай жүзеге асыру жолдарын тәжірибеде көрсетті. Қатысушылар семинар барысында білімді бағалау мен бақылаудың заманауи тәсілдерімен танысып, тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын талқылады. Педагогтер өзара тәжірибе алмасып, бағалаудың объективтілігі мен оқушылардың білім сапасын арттырудағы маңызын талқылап, құнды ақпарат алды. Мұндай іс-шаралар ұстаздардың кәсіби шеберлігін жетілдіруге және білім беру сапасын арттыруға зор ықпал ететіні сөзсіз.