Өтетін орны: Астана қ., бағдарламаға сәйкес.
Өткізу уақыты: 10:00-17: 00.
Өтетін күні: 2023 жылғы 3-5 мамыр.
Білім беру ұйымдарындағы әдістемелік қызмет тәжірибесін жинақтау, білім беру жүйесін жаңғырту, заманауи технологияларды енгізу бойынша үздік тәжірибені тарату, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет жұмысын жетілдіру жағдайында білім беру процесіне барлық қатысушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін ашу шеңберінде, «Білім беру ұйымдарының психологиялық қызметін әдістемелік сүйемелдеу және үйлестіру» тақырыбында Республикалық семинар өткізеді.
Қатысуға: облыстық, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің мамандары мен әдіскерлері, оқу-әдістемелік орталықтардың мамандары, білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің жұмысына жетекшілік ететін кабинеттердің әдіскерлері, сондай-ақ педагог-психологтар, әдістемелік бірлестіктердің басшылары шақырылады.
Спикерлер ретінде ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) серіктестері, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сарапшылары, бөлім әдіскерлері, елорданың тәжірибелі педагог-психологтары баяндама жасайды.
Республикалық семинар 2023 жылғы 3-5 мамыр аралығында Астана қаласында офлайн форматта өтеді.
Семинарда елорданың білім беру ұйымдарының психологиялық қызметін үйлестіру тәжірибесі, сондай-ақ балабақшалардың, жалпы білім беретін мектептердің және ТжКБ педагог-психологтарына әдістемелік қолдауды ұйымдастыру нысандары ұсынылады.
Семинар форматында жобаларды сынақтан өткізу тәжірибесі мен модернизация жағдайында білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің заманауи тәсілдері таныстырылады.