Білім беру ұйымдарының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Кәсіби маманды тәрбиелеу» қалалық байқауы

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен орта білім беру ұйымдарының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Кәсіби маманды тәрбиелеу» қалалық байқауы өз мәресіне жетті. Байқау 2025 жылғы 1 қазан мен 31 қазан аралығында өткізілді.

Байқаудың мақсаты – Астана қаласы мектептерінің оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларының озық педагогикалық тәжірибесін анықтау, қолдау және тарату, сондай-ақ олардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға жағдай жасау.

Байқау екі кезең бойынша жүзеге асырылды:

  1. жоба материалдарын сырттай ұсыну;
  2. жұмыс тәжірибесін өз білім беру ұйымында көрсету арқылы жобаның тиімділігін дәлелдеу.

Қалалық сараптамалық комиссия қатысушылардың жобаларын мазмұнының өзектілігі, жаңашылдығы, жүзеге асыру тетіктерінің нәтижелілігі және білім беру үдерісіне ықпалы бағыттары бойынша бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша 10 үміткер Гран-при, I, II, III дәрежелі дипломдар және арнайы номинациялармен марапатталды. Сонымен қатар 23 орынбасар белсенділігі үшін электронды сертификаттарға ие болды.

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК барлық қатысушыларға кәсіби шеберліктерін көрсеткені үшін алғыс білдіреді және алдағы шығармашылық жұмыстарына табыс тілейді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *