Білім беру ұйымдарында әдістемелік күн ұйымдастырылды

2025 жылғы 18 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Арнайы және инклюзивті білім беру» бөлімінің әдіскерлері қалалық арнайы педагогтер ассоциациясы мүшелерімен бірлесіп №1психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті мен №8 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясында әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күн аясында аталған білім беру ұйымдары педагогтерінің аттестацияға дайындығы зерделеніп, педагогикалық іс-тәжірибе материалдарын шығару, «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығының 15 қосымшасына сай педагогтердің портфолиосын бағалау қағидалары талқыланып әдістемелік ұсыныстар берілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *