Білім алушылардың репродуктивтік және продуктивтік дағдыларын дамытуда жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану

2025 жылғы 16 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес, №62 мектеп – лицейінде Астана қаласы білім беру ұйымдарының «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні педагогтеріне арналған «Білгім келеді» клубы жобасының аясында «Білім алушылардың репродуктивтік және продуктивтік дағдыларын дамытуда жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинар мақсаты – Білім алушылардың репродуктивтік және продуктивтік дағдыларын дамытуда жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану жолдарын көрсету және педагогтер арасында тәжірибе алмасу.

Аталған іс-шараға Астана қаласының №3 мектеп-гимназиясы, №62 мектеп-лицейі және №63 мектеп-гимназиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімдері қатысты.

Семинардың мазмұны мен құрылымы педагогтердің білім деңгейін арттыруға және жасанды интеллект құралдарын сабақта қолдану тәжірибелерін жетілдіруге бағытталды.

Шеберлік сыныптар барысында мұғалімдер сабаққа дайындығын оңтайландыру және эссе жазу дағдыларын дамытуға бағытталған тәжірибелерімен бөлісті. Жасанды интеллект мүмкіндіктерінің қолданылуы бойынша өткізілген тәжірибе алмасу өте ұтымды болды.

Бұл семинар мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасу және жасанды интеллект құралдарын оқу процесінде тиімді пайдалану мүмкіндіктері жайлы түсініктерін тереңдетуге зор үлес қосқан шара болды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *