Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану-математикалық пәндер негізінде ғылыми интеллекті қалыптастыру

2025 жылғы 29 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, №83 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне «Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану-математикалық пәндер негізінде ғылыми интеллекті қалыптастыру» атты семинар өткізді.

Тақырыптың мазмұны мен форматы тыңдаушыларға маңызды әрі қызықты ақпараттармен бөлісті. Шебер сыныптар мен үлгі сабақтар семинардың практикалық бөлігін толықтыра отырып, теория мен тәжірибені үйлестірді. Бұл формат тыңдаушыларға тек тыңдап қана қоймай, нақты тәжірибе алу мүмкіндігін берді.

Семинардың жоғары деңгейде өтуіне мектеп ұжымының, әсіресе команда жұмысының үлесі зор болды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *