2025 жылдың 11 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы және №102 жалпы орта білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Жасанды интеллект – заманауи оқыту құралы» атты қалалық семинар өтті.
Іс-шараның ашылуында мектеп директоры Эльмира Алимханқызы мектептің тыныс-тіршілігі мен жаңалықтары туралы ой қозғап, аталмыш семинарда 21 мұғалім өз іс-тәжірибесімен бөлісетінін атап айтты.
Сондай-ақ, №108 жалпы орта білім беретін мектептен 2 мұғалім, №87 мектеп-гимназиядан 1 мұғалім, «KOKTAL GARDEN SCHOOL» жекеменшік мектебінен 2 мұғалім жасанды интеллект пен құндылыққа бағытталған әдіс-тәсілдерді оқу үдерісінде тиімді пайдалану бойынша шеберлік сыныптарын көрсетті.
Семинар соңында ұстаздар шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді.
Семинарға қала мектептерінің 152 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.












