«БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ САПАЛЫ БІЛІМ» ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМАСЫН ТАРАТУ БОЙЫНША АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

«Білім беру округтерін» жүзеге асыру механизміне сәйкес «Педагогикалық SABAQTASTYQ» жобасы аясында балабақша мен мектептерде бірыңғай семинарлар мен іс-шаралар өткізіледі.

Мақсаты: балалардың мектепке дайындығын күшейту.

Осыған орай, 2025 жылғы 16 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімдері балабақша әдіскерлері мен мектептің бастауыш сынып бойынша оқу ісі орынбасарларын балабақша мен мектептерде «Педагогикалық SABAQTASTYQ» жобасы аясында өткізілетін бірыңғай іс-шаралар жоспарымен таныстырды.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы – бұл әр жас кезеңі үшін жалпы және нақты мақсаттарды көздейтін баланы оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі, басқаша айтқанда, әртүрлі даму кезеңдері арасындағы байланыс.

Сонымен қатар, балабақша мен мектептің арасындағы алшақтықты жою, балабақшадағы мектепалды топ балаларын дайындау ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған жұмыс болмақ.

🗓️Іс-шаралар 20 қаңтар мен 25 ақпан аралығында өткізіледі.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *