Балаларды қорғау күні — жарқын, шуақты мереке! Жаздың бірінші күнінде балалар үшін түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Мерекенің мақсаты — қуаныш, позитив, жағымды эмоцияға толы атмосфера құру, балалардың бір-біріне деген достық қарым-қатынасын орнату, балалардың бойына үлкендер тарапынан қауіпсіздік пен қолдау сезімін ұялату.
2023 жылғы 1 маусым күні Ұстаздар аллеясында «Балалық шақ – ғажайыптар әлемі» атты бірқатар іс-шаралар өтті. Іс-шараға Астана қаласының педагогтері, ата-аналар, балалар мен қала тұрғындары қатысты.Іс-шара қатысушылары үшін «Балалық шақ — ғажайыптар әлемі» концерттік бағдарламасы, көрермендерге арналған ойындар, асфальтқа бормен сурет салу, сондай-ақ «ReadХ» форматындағы «Анаммен оқыған бір кітап» ашық алаңы және «Әжемнің ертегілері» жобасының тұсаукесері ұйымдастырылды.