Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес 2023 жылдың 19 мамыры күні балабақша және бастауыш сынып педагог- психологтары үшін семинар өтті. Семинарға 25 педагог — психолог қатысты.
Сабақтастық- біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым психологиялық сәтті өтуге бағыттау, екіншіден білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі.
Семинар бағдарламасы бойынша №62 «Нұрсәуле» балабақшасының әдіскері Г.Каирбекова «Балабақша жағдайында баланы мектепке дайындау талаптары мен ережелері» атты баяндамасында қазіргі оқу тәжірибесінде мектепке дейінгі және бастауыш мектеп оқуындағы сабақтастықты жүзеге асыруда негізгі екі бағытты- балалар дамуының темптерін көбейту және мектепке дейінгі мекемелердің мектептегі оқудың талаптары мен ерекшеліктеріне жету міндеттерінен тұратын тәжірибеге сүйенуді, бастауыш мектепке дейінгі білімдер, іскерлік және дағдыларды дамыту тактикасына негізделетінін және нормативтік-құқықтық құжаттар жайлы жан-жақты айтып өтті. Балабақша мен мектептің байланысын орнату үшін балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларын бірге дамыту қатар жүргізілуі керек. Мектептер белгілі бір мектепке дейінгі мекемені өз қарамағына алу, тәрбиелік шараларды бірлесіп ұйымдастыру, мектепте 1-сыныпқа оқушыларды қабылдауда балабақша тәрбиешілерін, психологтарды қатыстыру, мектеп туралы кинофильмдер көрсету, кездесулер ұйымдастыру, еңбек әрекетін бірігіп өткізу қажеттілігі туралы мәселе қозғалды.
№31 МГ педагог — психологы И. Астрелина баланың мектепке бейімделуін психологиялық сүйемелдеуге негізделген «Первый раз, первый класс!» авторлық бағдарламасының таныстырылымын жасады.
№66 «Толағай» балабақшасының педагог — психологы Қ.Ильясова «Мектепалды даярлық топ балаларының мектепке танымдық тұрғыдан дайындығы» бойынша өз іс — тәжірибесімен бөлісті. Мектепке дейінгі мекеме, бастауыш буын мен ата- ана арасындағы сабақтастық сақталғанда баланың мектепке жалпы, арнайы және психологиялық жағынан қамтамасыз етілетінін басты назарда ұстауды ескертіп өтті.
Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері А.Исабекова қатысушылармен мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығын жүзеге асыруда педагог- психологтардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру мақсатында «Достастық- әдістемелік көпірі» тақырыбында практикалық сабақ жүргізді. Сабақтастықты жүзеге асырудағы балабақша және мектеп психологының міндеттері, өзара әрекеттестіктері талқыланды, постерлер құрастырылды.
Семинар барысындағы тапсырмаларды орындауда оқытудың белсенді (миға шабуыл диалогтық оқыту, Венн диаграммасы, Маслоу пирамидасы, еркін микрофон және т.б) әдістері қолданылды. Сабақтастықты жүзеге асыруда балабақша және мектеп психологының міндеттері талқыланды. Қатысушылар семинардың маңыздылығы жайлы оң пікірлер қалдырып, осындай іс-шараларға қатысуға белсенді қызығушылық танытты.