2024 жылдың 5 қараша күні Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттесттаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері және жұмыс тобымен бірге №85 «Мейіржан» балабақшасына әдістемелік көмек көрсету жұмысын ұйымдастырды.
Көмек көрсету барысында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары негізінде:
— Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының талаптарына сәйкестігі;
— Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес іске асыру;
— Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын сақтау;
— баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын мектепалды жастағы тәрбиеленушілерді оқыту нәтижелерінің болуы;
— үлгілік оқу бағдарламасына қосымшаға сәйкес балалардың жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингілеу нәтижелерінің (қорытынды) болуы және талдау;
— Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар;
— МДТО ҮОЖ белгіленген тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарға сәйкестігі және сақталуы
— Тәрбие мен оқыту мерзіміне қойылатын талаптар;
— балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптарды сақтау бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.