«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ» ҚАЛАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2023 жылдың 17 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Жанар Маман және А. Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейімен бірлесе отырып «Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық мұрасы» тақырыбында қалалық дөңгелек үстел өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК басшысының 2023 жылғы 9 қараша күнгі №129 бұйрығына сәйкес Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде «Әдіскер ұстаз» ғылыми-әдістемелік зертханасын ашылып, Ұлт ұстазының әдістемелік идеялары негізінде педагогтердің инновациялық қызметінің тәжірибесін жинақтауға, оқу-тәрбие үрдісінде қолдануға бағытталған жұмыс тобы құрылды.

Дөңгелек үстел «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Жанар Маман, философия докторы, доцент, ЕАГИ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Әлімбаев Аслан Есімханұлы, «Әдіскер ұстаз» ғылыми-әдістемелік зертханасының шығармашылық топ мүшелері және қала мектептерінің 45 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

Дөңгелек үстелге келген қатысушыларға тарих пәні мұғалімі А.Д. Сапарғали Мұражай экспозициясындағы Ахмет Байтұрсынұлы өмірімен байланысты алты бағытты қамтитын материалдар және экспонаттармен таныстырды. «Белсенді алаң» жұмысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Г. Қапшаева, А. Абуева, Ж. Аренова, Л. Ильясова, К. Сейітбек келген қонақтарға тақырыпқа сай танымдық, шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған қызықты тапсырмалар орындатты.

Тәжірибелік бөлімді Әдістемелік орталықтың әдіскері Жанар Маман ашып, мектебімізде «Әдіскер ұстаз» ғылыми-зерттеу зертханасы жұмысының басты бағыты – ағартушы-ғалымның педагогикалық көзқарастары мен идеяларын қазіргі білім беру жүйесіндегі оқу бағдарламасымен ұштастыра енгізу мәселесіне тоқталды. Дөңгелек үстелдің арнайы қонағы Ахмет еңбектерін зерттеуші, философия докторы, доцент, ЕАГИ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Әлімбаев Аслан Есімханұлы Ахмет Байтұрсынұлының тілді оқыту әдістемесін ұсынды. №91 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сугирбекова Айман Избасаровна «Ахмет Байтұрсынұлы 3Д электронды оқу құралы» тақырыбында өзінің заманауи үлгіде дайындалған әдістемелік құралын таныстырды. Сонымен қатар Ұлт ұстазының әдістемелік мұраларын жаңартылған оқу мазмұнында қолданып жүрген жаңашыл мұғалімдер өз іс-тәжірибелерін ортаға салды.

Қорытынды бөлімде пікір алмасып, кері байланыс берілді. Қала мектептері мұғалімдерінен құралған шығармашылық жұмыс тобы жасақталып, алдағы іс-шаралар жоспары жоспарланды.

Аталған шараның соңы әдеби-сазды бағдарламаға ұласып, «Ахмет мектебі» әнұранымен тәмамдалды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *