Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының ТжКББ бөлімі 2025 жылдың 9 сәуірінде қалалық оқу-әдістемелік кеңеспен бекітілген авторлық материалдар негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің іс-тәжірибесін тарату мақсатында вебинар ұйымдастырды.
Трансляцияға Астана қаласы, Павлодар және Қостанай облыстарынан оқу-әдістемелік материалдардың авторлары қатысты.
Авторлық бағдарламалар негізінде тәжірибені таратуға арналған вебинар білім мен тәжірибе алмасуға, бағдарламалар сапасын арттыруға, желілік өзара әрекеттесуге, жаңа ақпаратты игеруге, кәсіби дағдыларды дамытуға, жаңа идеяларды ынталандыруға, инновацияларды енгізуге қолдау көрсетуге мүмкіндік берді.
Республикалық вебинарға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 50 астам педагог қатысты.