Авторлық материалдар негізінде тәжірибені тарату вебинары

2025 жылғы 16 мамыр күні Астана қаласы Әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығы өзгерістерімен) педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 12-қосымшаның 3.5 тармағына сәйкес педагогтердің республикалық, облыстық, қалалық сараптама кеңесінде ұсынылған авторлық материалдары негізінде тәжірибені тарату мақсатында пән педагогтерге вебинар өткізілді. Вебинарда Астана қаласының педагогтерімен бірге Жамбыл облысы, Түркістан облысы, Ақтөбе облысы, Шығыс Қазақстан облыстарының педагогтері іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Шара соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, қызықтырған авторлық бағдарлама, әдістемелік құралдар бойынша сұрақтарын қойып вебинар спикерлеріне алғыстарын білдірді. Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе Шығыс Қазақстан облыстарының Әдістемелік орталықтарына ынтымақтастықтары үшін алғыс білдіреміз.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *